Текст
16 қаңтар күні Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді. Акция мақсаты: интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. Мектепте пошта жәшігі қойылып, барлық оқушылар, ұстаздар бір – біріне хат жазып, поштаға салды. 10 «Ә» -10 «Б» сынып оқушылары таза ауада спорттық ойындар ойнап, кітап оқып, шай үстінде «Интернетсіз бір күн» атты тақырыпты талқыға салды.
Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының оқушылар үшін маңызы зор.