Текст
22 сәуір күні салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 9-11 сынып оқушылары арасында, сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Балалар түрлі ауру түрлерімен күресу жолдарын ғана емес, өмір сапасын жақсарту және керемет дене пішіні мен сұлулықты ұзақ жылдар бойында сақтай білумен танысты. Іс-шара "Өмір туралы", "Тағам туралы", "Медицина туралы", "Үй туралы" 4 бөлімнен тұрды. Шара соңында кеңестер, тамақтану тәсілдері берілді.