Сәуір айында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша онкүндік өтті. Пән мұғалімдері онкүндік жоспарын құрды. Онкүндік театырландырылған қойылым ретінде ашылды. Оқушылар сөзжұмбақ шешіп, қызықты тапсырмалар орындап, жұмбақтар шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп, презентация мен жарнама құрып, пән бойыша байқауларға белсене қатысты. «12 сәуір – Ғарыш күні», «Өмір сүру керемет!» атты сыныптан тыс іс-шаралар, «Өмір» атты биологиялық жарыс, «Химиялық сарайда», «Математикалық калейдоскоп», «Не? Қайда? Қашан?», «Жануарлар әлемінде», «Түрлі-түсті информатика беттері» атты интелектуалдық ойындар өтті. Онкүндікпен бірге «Құстарды қорғайық» деген ұранмен «ЭКОС» клубы жұмыс жасады. «Неліктен?» клубы бастауыш сынып оқушыларымен дәріс өткізді. Онкүндік соңында «Ғылымның шеруі» атты фестиваль өткізілді.