Текст
23 мамыр күні мектебімізде бастауыш сыныппен қоштасу кеші өтті. Бастауыш сынып түлектерін ду қол шапалақпен сахна төріне шығарып салды. Бастауыш сынып түлектерін мұғалімдер, ата-аналар және шақырылған қонақтар асыға күтті. Мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі Қасымова М.С бастауыш сынып оқушыларын құттықтап, дипломдарын табыс етті. Құттықтау сөзімен алғашқы мұғалімдері Селиверстова Л.Т., Тельпекбаева Б.Қ
құттықтады. Түлектер өлең, ән айтты. Кеш соңында ата-аналар балаларға мерекелік дастарқан ұйымдастырды.