2017 жылдың 03 шілдесі күні Социалистік Еңбек Ері - Б.Уразалин атындағы Веселое орта мектебінде, Елорда Күніне арналған "Астана Асқақ арман" атты кітап көрмесі өтті. Көрменің мақсаты - Ұлт көшбасшысы, Отанымыз туралы кітаптарды дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеу, балалар мен жасөспірімдерді кітап пен кітап оқуға баулу, қызығушылықтарын ояту болды. Аталмыш көрменің қонақтары мен тыңдаушылары ретінде мектеп жанындағы балалар лагерінің оқушылары және кітапхана оқырмандары болды. «Астана», «Астана – Қазақстанның жүрегі», «ХХІ – ғасыр Қазақстанның жұлдызды ғасыры», «Лидер нации» и статьями в журналах «Астана», «Бәйтерек», «Новый мир», «Мысль», «Нива» және т.б. секілді кітаптармен танысу барысында қонақтар Елордамыз Астана қаласы туралы тың деректермен танысты.