2 қыркүйек күні Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Бірінші сынып балдырғандарын құттықтай отырып мектеп директоры Амрина Алма Қалиқызы сөз сөйлеп, 2017-2018 оқу жылының білім жүйесінің жаңашылдығын атап өтті. Салтанантты жиында құрметті қонақтар Веселое ауылдық округінің әкімі Алтенов Нургали Тлеубайұлы, ЖШС «Байдалы» директоры Уразалин Амангельды Байдалыұлы, құрылыс және сәулет бөлімінің басшысы Деобальд Николай Владимирович қатысты. Олар бірінші сынып балдырғандары мен мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Амангельды Байдалыұлы білім саласына қайырымдылық үлес қосқаны үшін білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталды. Жиыннан кейін 1-9 сынып оқушылары «Мен – өз елімнің патриотымын» атты бірінші сабақтары өтті. 10-11 сынып оқушыларына "Болашаққа көзқарас" атты фильм көрсетілді.