1 қыркүйек күні "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" ұранымен білім күні мерекесіне арналған дәстүрлі жиын өтті. Мектеп директоры Алма Қалиқызы Амрина бірінші сынып оқушыларына және барлық оқушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол оқушыларға ұзақ оқу, ал педагогикалық ұжымға шығармашылық жемісті еңбек тіледі. Жиынға құрметті қонақтар қатысты: педагогикалық еңбек ардагерлері, Веселое ауылдық округінің әкімі Нұрғали Тлеубайұлы Алтенов, "Байдалы" ЖШС директоры Бағдат Байдалұлы Уразалин, "Байдалы-2" АШК басшысы Марат Амангелдіұлы Уразалин аудан әкімінің орынбасары Қ. Қ. Жылқыбаев. "Байдалы" ЖШС демеушілері "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы аясында, он төрт бірінші сынып оқушыларына мектеп керек-жарақтарымен сөмкелер табыс етілді. Жиын соңында мектеп оқушылары "Конституция – қазақстандықтардың әл-ауқатының кепілі" атты бірінші сабаққа қатысты.