Текст
2019 жылдың 10 тамызы мен 19 тамызы аралығында мектепте қазақ тілі бойынша жазғы лингвистикалық лагерь ұйымдастырылды.
Іс шарада 10 оқушы белсенді қатысты. Лингвистикалық лагерьдің мақсаты оқушылардың шығармашылық және белсенді дамуына жағдай жасау және қазақ тілін үйренуге деген қызығушылықты дамыту. Лингвистикалық лагерьлер мемлекеттік тілді түрлі деңгейде оқыту үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Лингвистикалық лагерь оқушылардың коммуникативтік қабілеттері мен дағдыларын еркін жағдайда дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі. Ойын барысында сюжеттік - рөлдік ойындар, викториналар, байқаулар, ертегілерді сахналау қолданылды.