Текст
14 қазан күні мектебімізде Ресурс орталығының оқушылары үшін математика пәні бойынша сыныптан тыс - "Математикалық калейдоскоп" іс-шарасы өткізілді. Ойынға екі команда қатысты: "Синус" және "Косинус". Сергіту сәтінен кейін командалар, "Барлық сандар туралы", "Смекни", "Сандық жұмбақтар", "Күшті болсаңыз, шешіңіз", "Математика ғалымдары", " Логикалық ойлар"айдарларынан әртүрлі құнды сұрақтарды таңдады. Әсіресе балаларға ребустарды шешу ұнады. Жарыс қызу өтті: әр команда жоғары баға сұрақтарын таңдап, көп ұпай жинауға тырысты, балалар тапқырлық, логикалық ойлау, математика бойынша білімдерін көрсетті. Жеңімпаз "Синус" командасы болды, ал ойынның ең белсенді қатысушылары – Божко Никита, Балтабаева Диана және Сапаргалиев Алмат.