09.10.2025
Бүгін 7Б сыныбында «Қазіргі заманғы өнердің стилистикалық бағыттарын зерттеуге негізделген практикалық жұмыс (2D немесе 3D форматында)» атты ашық өнер сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, практикалық жұмысты аяқтау, жұмысты көрсету, орындалған жұмысты бағалау болды. Нәтижесінде оқушылар қоршаған дүниенің көрнекі элементтерін және көркем өнердің мәнерлі құралдарын зердемен анықтауға, таңдауға және күрделі шығармашылық идеялар мен сезімдерді жеткізуге үйренді. Бұл жұмыс қиял мен шығармашылықты дамытып қана қоймайды, сонымен қатар ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі. Әрбір оқушы өз жұмысына өз жанының бір бөлігін құйып, нәтиже барлық күткеннен де асып түсті!



