Текст
Ресурстық орталықтың оқушыларымен бірге ағылшын тілінен “Polyglot” атты қызықты интеллектуалдық ойын өткізілді!
Балалар сөздерді білу, аудару, сөйлем құрау және елтану викториналары бойынша жарысты. Ойын өте көңілді, танымды әрі достық атмосферада өтті!
Әрбір қатысушы тапқырлық, білімділік және командалық рух танытты. Ең бастысы — балалар жағымды эмоциялар алып, ағылшын тілін үйренуге қосымша ынта алды!