Текст
17 наурыз күні 8 «Б» сыныбында Қазақ хандығының көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, бас төреші ұлы Төле бидің ғибратты өмірі мен өсиеттеріне арналған «Адалдық сағаты» өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар бейнероликті тамашалап, Төле бидің өмірбаянымен, оның осындай жоғары тарихи деңгейге жетуіне көмектескен көптеген жеке қасиеттерімен танысты. Оның әрбір айтқан сөзінің астарында үлкен тәрбиелік мәні бар. Төле бидің Өнегелі өмір жолы – Отанға қызмет еткісі келетін әрбір азамат үшін үлгі .