Балалар мен ата-аналарды балабақша мекемесімен таныстыру

«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Веселое ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы шағын орталықта кеңес беру пункті жұмыс істейді. Консультациялық орталық ата-аналардың қажеттіліктерін ескере отырып, балалары мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылмаған ата-аналар үшін және тәрбиеленушілерге әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында құрылды.